Сырдария ауданында ағыс алып кеткен балықшы құтқарылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Сырдария ауданында ағыс алып кеткен балықшы құтқарылды

05.11.2019, 10:00

388 0

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың қараша айының 3 күні сағат Сырдария ауданының полиция бөлімінің «102» телефон арнасына жоғалған балықшы туралы хабарлама түседі.
Балықшы Қызылорда қаласының тұрғыны болған.
Оқиға орнына жеткен Сырдария ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары – полиция аға лейтенанты Жаппасбаев Нұртас және полиция лейтенанты Жұмабек Жандос балықшыны іздеп, 200 метрдей жерді жүзіп өтеді.
Артынша ескексіз қайықта отырған азаматты табады. Құтқарылған азамат кенеттен жауған нөсер жаңбыр салдарынан Жаңадария каналының ортасында қайықты ағын алып кеткендігін түсіндірген.
Өз кезегінде учаскелік полиция инспекторлары қайықты жағаға апарады. Жедел құтқару тәсілдерін пайдалана отырып, азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсеткен полицейлер балықшыны бөлімге жеткізген.

0

Пікір қалдыру