Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың есеп беру кездесуі Асқар Тоқмағамбетов ауылы және Тереңөзек кентінде қорытындыланды.

Есепті кездесуге аудан прокуроры А.Кемалов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Н. Қордабаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Еспенбетов, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлімдер басшылары, білім және денсаулық саласы, коммуналдық сала басшылары қатысты.
Ақын Асқар ауылының келесі жылға жергілікті қауымдастықтың жиынының ұсынысымен бірнеше көшелері жөндеуден өтіп, сонымен қатар, электр желілерімен қоса көше жарығын орналастыру жүргізілетін болады. Қашанда бірлігі басқаларға үлгі болған, тірлігі жұрт қызығарлықтай құтты мекен жыл сайын ажары айшықталып, көркейіп келе жатыр.

Келесі кезекте аудан басшысы Тереңөзек кентінде биылғы жылы атқарылған айшықты істерді халыққа жеткізді. Биылғы жылы жобалық қуаты 171 млн. теңгені құрайтын Иса Тоқтыбаев көшесінің екі жақ бетіне лоток және тротуар құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, А.Алиакбаров көшесіндегі 9 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 9 автотұрақ салынды. Дәл осындай цифрмен әр үй алдына демалуға арналған орындықтар, кір жаюға керекті орын белгіленген. 6 кілем қағуға арналған орын, 23 қоқыс салатын жәшігі де бар.

Балаларға арналған 4 ойын алаңы, футбол мен баскетбол ойнайтын бір алаң және дәретхана мен қоқыс тастайтын арнайы орындары жоспарға сай істелмек.

Бұл атқарылған жұмыстардың бір парасы ғана. Келесі жылы да күрделі мәселелер шешімін таппақ. Атап атқанда, кенттегі Мәлібаев елді мекені тұрғындарының көптен бергі өтініші арқылы осындағы орталық көше Қ.Бөдеев көшесі және О.Мәлібаев, Т.Қозыбаев көшелері күрделі жөндеуден өтеді.

Келесі жылы да ауданға аймақ басшысының тікелей қолдауымен және аудандық бюджет қаражаты арқылы ел игілігіне арналған жоспарлы жұмыстарға қомақты қаржы бөлінбек.

Ал, тұрғындар тарапынан кәсіпкерлік саласын дамыту, кентішілік жолдарды жөндеу, тұрғын үй мәселелері, кентте жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және тағы да басқа жеке мәселелер көтерілді.

Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдау барысында аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

319739541_1265558517340371_4351056944752783027_n.jpg
319744912_1265558247340398_4257401659600311729_n.jpg

Тағы да оқыңыз: