Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір Жолдауында жастар мәселесін назардан тыс қалдырмайды. Сырдария ауданы бойынша 2023 жылы 14 пен 35 жас аралығында барлығы 11 727 жас бар. Оның ішінде, жұмыссыз жастар саны - 403, маргинал жастар яғни NEET жастар саны 15, жыл басынан бері жастар тәжірибесінде жүрген жастар саны – 27, қайтарымсыз грант алған жастар саны – 4, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны – 61, әлеуметтік жұмысқа орналасқан жастар саны – 8, қоғамдық жұмысқа тартылған жастар саны – 113, студенттер 2623, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар саны-262, мүмкіндігі шектеулі жастар саны – 64, 14 жастан жоғары оқушылар саны-3255, жас кәсіпкерлер саны – 433, түрлі мекемелерде тұрақты жұмыс жасайтын жас мамандар саны – 2528, мемлекеттік қызметшілер – 26, пробациялық есептегі жастар саны – 33, жас отбасылар саны – 2107-ні құрайды. Бұдан бөлек, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік бағытында 49 жас оқытылып, сертификаттарын алды.
– «Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-інде 7 маман кент және ауылдық округтер бойынша 14 маман жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, "Абай-Дәулет" ЖШС-і демеушілігімен аудандық жастар ресурстық орталығының 1 бөлмесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары мен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы атқарылған шаралар туралы айта кетейін. Ауданда осы жылдың 6 көлемінде 82 шара ұйымдастырылып, 2728 жас қамтылды. Сонымен қатар, аудан жастарын еңбекке баулу және NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында ауданға қарасты 7 ауылдық округтен жастар бригадалары құрылып, егін егуге дайындық жұмыстарын бастады. Мұнан соң, Республикалық «Таза табиғат» жобасын жүзеге асыру бойынша Тереңөзек кентінен аудан әкімінің бастамасымен «Жастар аллеясын» ашу жоспарланып, барлық дайындық жұмыстары жүргізілді. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан "Жайдарман лигасы" құрылды. Мақсаты –жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жастардың шығармашылық қабілетін арттыру болып табылады. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан "Ерке-Жан" қыздар клубы, "Әкелер мектебі" құрылды. Оның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру. "Кітап оқиық" клубы құрылып, еріктілер тарапынан кітап қоры жинақталып, үйден оқытылатын балаларға және дағдарыс орталығына таратылуда. "Сырдария жастары" еріктілер штабы құрылып, 1 мыңнан астам ерікті қайырымдылық жұмыстары және тазалық жұмыстарымен айналысуда.
Бүгінгі таңда елімізде жұмыссыздық деңгейі жастар арасында өзекті мәселеге айналып жатқаны сөзсіз рас. Ауданымыздың еңбек нарығында жастарды еңбекке тарту, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында түрлі бағытта жұмыстар жүргізіліп келеді, – деді аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.
Ауданымыздағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында және оларды жұмыспен қамту бағытындааудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен ауданға қарасты 6 ауылдық округінен Шіркейлі, Айдарлы, А.Тоқмағанбетов, Аманкелді, Бесарық, Жетікөл ауылынан жастар бригадаларын қайта құрып, олардың қатарында жұмыссыз, НЕЕТ санатындағы жастар және пробация есебінде тұратын жастар жұмыс жасауда. Осы жастар бригадаларына 200-ге тарта жас тартылып, барлығына60 гектар жер беріліп, 35 гектарына картоп дақылын және 25 гектарына бақша дақылдарын егуде.
Жыл басында Сырдария ауданы бойынша Республикалық база Отбасының цифрлық картасында анықталған NEET санатындағы жастарды мемлекеттік қолдау шараларымен жұмысқа орналастыру, қайта оқыту, кәсібін ашуға грант немесе кредит беру жұмыстарын жүргізу үшін NEET санатындағы 275 жастың тізімі келді.
Алайда тізімдегі 275 азаматты тексеру барысында көптеген жастар Отбасының цифрлық картасы тізімнен алынды. Оның ішінде, жұмыс жасайтындар – 81, үй шаруасында – 37, тіркеу орнында тұрмайды – 58, бей ресми жалдамалы жұмысшы – 16, қайтыс болғандар –1, мүмкіндігі шектеулі – 1, студент – 7, тіркелмеген жұмыссыздар – 33, статусы мүлдем жоқ – 1 болып табылады.
– Жалпы көрсетілген 33 азаматпен аудандық аурухана, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі арқылы зерттеліп, қосымша адрестік жұмыстар жүргізіліп, жұмыспен қамту шаралары жасалды. Қазіргі таңда 15 жас ғана НЕЕТ санатындағы жастар қатарында болып отыр. Бұл цифрды да жою жоспарда бар. Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,3% болса, жыл аяғына дейін 3,9 %-ға төмендету көзделуде. Жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды түсіндіру мақсатында барлық ауыл жастарына "Мүмкіндіктер алаңы" атауыменкөшпелі кеңес беру жұмыстары жүргізілді. Оған аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мамандары қатысып, "Жастар практикасы", "Алғашқы бос жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыс", "Әлеуметтік жұмыс орны", 5 млнға дейінгі инновациялық жобалардың қайтарымсыз гранты, Бос жұмыс орындары, "Ауыл аманаты" жобасы, "Агронесие" жобасы, "Жасыл ел" жобасы, "Жастар бригадасы", шағын гранттар, бизнес жоспарлар туралы, "Бастау-Бизнес" және "Ұрпақтар келісім-шарты" жөнінде толыққанды ақпараттар берілді. Мұнан соң, жастарға ауылдың тыныс-тіршілігін таныстыру және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 2 күндік «Жастар. Еңбек. Нәтиже» атты еңбек лагері ұйымдастырылды. Аталған лагерь жұмыстарына аудан әкімі мен 40-қа жуық NEET санатындағы жастар мен ауыл жастары қатысты. Жұмыстардың жалғасы ретінде пробация есебінде тұратын, NEET санаты, жас түлектер, жұмыссыз жастардан барлығы 200-ге жуық жастардың қатысуымен кеңес беру және оларды мемлекеттік бағдарламалармен ақпараттандыру арқылы әлеуметтендіру негізіндеРеспубликалық «Тұлға бол» жылжымалы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жылжымалы жәрмеңке аясында жастарды әлеуметтендіруге бағытталған кеңес беру жұмыстары, бос жұмыс орындарын ұсыну, жеке қабылдаулар, кәсіптік бағдар беру, құқықтық кеңестер беру, әскерге шақыру, электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету, тұрғын үй алу мүмкіндігі, колледж мамандықтарын ұсыну, дәрігер қабылдауы, «Кітап сыйла» акциясы мен спорттық сайыстар және этноауыл көрмесі аудан тұрғындарына ұсынылды. Осыдан кейін, аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастарына салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру, олардың денсаулығын нығайту және сақтау, өзара достық байланыс орнату мен дамытумақсатындаорталық алаңда "Жеңімпаз бол" денсаулық фестивалі өтті. Денсаулық фестивалі аясында "Дәрігер қабылдауы" арқылы тексеру және аудан жастарына спорттық сайыстар ұсынылды. Аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі бірінші көшпелі кеңесі өтіп, аудан жастарына қатысты мәселелер талқыланды.
Аудан жастары көп қолданатын аудандық жастар ресурстық орталығының "Тик-ток", "Телеграмм", "Инстаграмм", "Фейзбук" парақшаларында жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беріліп, жастарға арналған мүмкіндіктердің барлығы бейнероликтер арқылы тұрақты түрде жарияланып келеді, – деді орталық басшысы.
Оқушылардың дұрыс оқу орнын және жақсы мамандық таңдауы үшін ЖОО-дарымен жұмыс жүргізіліп, түлектерге ақпараттық-түсіндірме жасалуда. Жоспар бойынша ұлттық спортты дамыту мақсатында ұлттвқ спорттың "Көкпар" сайысы, "Сырдария барысы" қазақша күрес сайысы және жастарды әскер қатарына баруға қызықтыру және ынталандыру мақсатында "Әскери қызмет - абыройлы міндет" атты жастардың әскери-патриоттық форумын өткізу жоспарлануда. Алдағы уақытта жастар мәселелері бойынша жылдық жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарыла беретін болады.