Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өткен болатын. Ел Президентінің пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша жұмыс жалғасуда және үнемі жетілдіруде.
Осыған байланысты біздің елімізде Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Негізінен, тұжырымдаманың мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту болып табылады. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі салалық бағдарлама аясында тиісті жұмыстар атқарылуда. Өз кезегінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының міндетін атқарушы Сабит Аймаханов аталған салаға байланысты бөлімде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бағынысты қызметкерлеріне қолданыстағы заңнамаларда көзделген шектеулердің қатаң сақталуын қамтамасыз ету, орындаушылық тәртібіне, жүріс-тұрысына бақылау күшейтілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың кез-келген фактісі төтенше жағдай ретінде қаралып, оның орын алуы себеп-салдарын анықталуын қамтамасыз ету мақсатында Бөлім қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары, құқықтық оқытулар жүргізіліп, бөлімнің (фейсбук) ресми парақшасында жарияланып, қатаң бақылауға алынған. Бөлімде өткізілген жиналыс отырысында айтылған сын-ескертпелерден қорытынды шығарып, ұжымда сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу іс-шарасы бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мақсатында Бөлім ғимараты ішінде жемқорлыққа қарсы агитациялық стендтер ілінген, жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждары мен көзқарасын бiлдiргісі келген жағдайда бөлім басшылығының «Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау кестесі» бөлімнің көрнекі жерінде ілінді және «Азаматтар мен заңды тұлғалар өтініштерін қабылдау» жәшігі орнатылған, интернет желісінде бөлімнің арнайы Фейсбук әлеуметтік парақшасы тұрақты түрде жұмыс жасауда. Фейсбук әлеуметтік парақшасы арқылы Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптағы бейне роликтер мен материалдар жарияланды. Алдағы уақытта белгіленген мақсат-міндеттерді орындауға бар күш-жігерімізді жұмылдырып, құрылыс, сәулет және қала құрылысы аясындағы жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жалғастыратын боламыз, – деді Сәбит Аймаханов.
Жалпы, биылғы жылы бөлім арқылы жалпы құны 2,4 млрд.теңгеге 11 жобаның құрылысы іске асырылуда. Оның ішінде, 2,1 млрд.теңгеге 8 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Айдарлы, Аманкелді, Қоғалыкөл, Жетікөл елді мекенін электрмен жабдықтау, Бесарық спорткешені, Жетікөл елді мекеніндегі 3 бөлмелі екі тұрғын үй құрылысы, Тереңөзек кентіндегі инфрақұрылым қиыршықтас жолының құрылысы (100 және 35 га) жүргізілуде. 246 млн. теңгеге 3 жобаға облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жасалуда. Біздің мекеменің мамандары комиссия құрамында төраға, мүше болып қатысып жүргені мәлім. Бөлім тарапынан құрылысы жүріп жатқан нысандардың бөлінген қаржының уақытылы игерілуі, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, тұрақты түрде құрылыс жұмыстарының сапасы қатаң бақылауға алынған.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бөлім тарапынан 5-мемлекеттік қызмет көрсетіледі 2023 жылдың 5-айында 418 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 62-і қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілсе, 356-і «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілді. Сондай-ақ, бөлім ғимаратында «Өзіне-өзі қызмет ету бұрышы» орнатылып, тұрақты түрде жұмыс жасауда.
Сырдария ауданы бойынша нысаналы индикаторларының 2023 жылдың 5 ай қортындысымен орындалуы бойынша, аудан көлемінде 6453,3 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 136,8 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы әкімдігінің 2023 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобалар картасына сәйкес, бөлімнің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығымен бөлімнің қызметтерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, талдау анықтамасы мен іс-шаралар жоспары Әкімдіктің ресми сайтына мерзімінде жарияланды. Бұл да бір сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін болдырмау мен алдын алуға бағытталған тиісті шаралар жиынтығы деп ұғынуға болады.