Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданына Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мамандары Сырдария ауданына арнайы іс-сапармен келді. Іс-сапар барысында сала мамандары аудан бойынша туризм саласында белгіленген нысаналы индикаторлардың орындалу бойынша төмендегідей түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Арнайы жиынға дербес бөлім, басқарма, мекеме басшылары мен сала мамандары қатысты.

Жиында сала мамандары туризм саласын аудан көлемінде дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқыға салды. Өз кезегінде сыртқы туристердің саның арттыру,  нөмірлік қор санын ұлғайту бойынша нақты көрсеткіштер таразылау барысы, Салаға инвестициялар көлемін өсіру бағыты нақтыланды. Бүгінде аудан көлеміндегі туристік бағыттағы жұмыстарды кешенді түрде жүзеге асыру басты назарға алынды.

   – Аудан көлемінде туриз бағытында кешенді жоспарға сәйкес, жұмыстар жүргізіледі. Басқар мамандары жүйелі жұмыстарға иек арт\у керектігін алға тартты. Әрине, алдағы сала мамандарымен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз. Ағымдағы жылдың I, II, III IV тоқсан бойынша атқарылатын іс-шаралар жобасы жасалынды. Аудан көлемінде туристер санын арттырып, аудандың айшықты жерлерін таныстыруға дайынбыз, – деді аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Бағдат Есенов. 

Тағы да оқыңыз: