Kyzylorda-news.kz. Сырдария аудандық мәдениет үйінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Сырдария ауданы әкімінің кубогы» үшін жайдарман сайысы өтті, деп хабарлайды Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы. 

Жайдарман сайысында Шымкент, Қызылорда қалалары мен ауданға қарасты кент және ауылдық округтерінен құрама командалар өзара сайысқа түсті.

Сонымен қатар, көңілді кеште аймағымызға танымал жайдарманшы Алиби Басаров, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы, облыстық жастар ресурстық орталығының жастар шығармашылығын және бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы
Есенкелдіқызы Тоғжан, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов және аудандық мәдениет үйінің режиссері Бексұлтан Қадырбайлар қазылық етіп, сайыс соңында пікірлерін білдірді.

Арнайы жобада жайдарманшылар қоғамда болып жатқан жағымды жаңалықтар арқылы өздерінің әзіл-шыны аралас көріністерімен айшықтап, көрермендер көңілінен шығуға тырысты. 

Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев жайдарман сайысына арнайы қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аудан әкімінің кубогы үшін өткен жайдарман сайысының қорытындысы бойынша 1-орынды Қызылорда қаласынан келген «Ашық» жайдарман командасы иеленіп, 2 - орынды Шымкенттік «Достық.KZ» командасы жеңіп алды. Мұнан соң жүлделі 3-орынды Тереңөзек кентінің «Тереңград» командасы алды. Бұдан бөлек, жайдарманшылар арасынан ерекше өнерімен көзге түскен Ақжармалық Нариман Асылбеков «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. 

Көңілді кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевпен жайдарманшылар естелік үшін суретке түсті.

317502601_535350488437453_8082258766547505342_n.jpg317624545_535349461770889_4392266763087784808_n.jpg317090785_535349508437551_79322238991511161_n.jpg

Тағы да оқыңыз: