Kyzylorda-news.kz. Бүгін Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде негізгі 9 мәселе қаралды. Кеңес отырысына Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов, кеңес мүшелері және күн тәртібіне сәйкес шақырылған мекеме басшылары қатысты.
Бірінші мәселе аудан аумағындағы инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекітуге арналды. Екінші мәселе Тереңөзек кентінің шекарасын (шегін) белгілеу бойынша өрбісе, үшінші мәселе Сырдария ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) белгілеу жөнінде болды. Бұл үш мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Бағлан Мейрамбекұлы хабарлама жасады.
Төртінші мәселеде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту талқыланды.
Мұнан соң аудандағы мәдениет және өнер саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық мәдениет және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жеңісбек Төрәлиев есеп берді.
Сондай-ақ аудандағы мемлекеттік жастар саясатын дамыту мәселелеріне арналып, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасиловтың баяндамасы тыңдалды.
– Бүгін аудандық қоғамдық даму бөлімінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің отырысына қатысқан болатынмын. Қоғамдық кеңесте Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры ретінде аудандағы жастар саясаты туралы баяндама жасадым. Сонымен бірге жастармен атқарылатын жұмыстар талқыланды. Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілгіндігін айта кетейін. Аудандағы жастар саласын дамыту мақсатында аудандық жастар ресурстық орталығының директоры тарапынан ұсыныс айтылып, оның шешілуіне ықпал жасау сұралды.Кеңес төрағасы мен мүшелері атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы бастамаларға сәттілік тіледі, – деді Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрман Абдрасилов.
Алтыншы мәселе аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және базарлардағы бақша дақылдарының құрамындағы зиянды элементтердің бар немесе жоқ екеніне жүргізілетін талдау, жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы С.Өмірбаев баяндама жасады.
Қалған үш мәселеде Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдық округі әкімдерінің атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлары тыңдалды.
– «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша Бесарық ауылдық округінде 10 азамат жылқы және сиыр малдарын көбейту және бордақылау үшін құжаттарын тапсырып, уақытылы мақұлданды. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары 75,1 млн теңге несие алып жұмыстарын жүргізіп отыр. Ал «Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ арқылы берілетін несие бойынша Бесарық ауылдық округінде жылқы және мүйізді ірі қара мал басын көбейту және бордақылау мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 11 жоба мақұлданған. Бұл ретте, 11 азамат 56 млн теңге несие алып жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте, "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы бойынша грант беру жүргізілуде. Елді мекен бойынша әр саладан 32 азамат өз құжаттарын тапсырып 39 млн 206 мың 400 теңге қаражат алып жұмыстарын жүргізуде, – Бесарық ауылының әкімі Дәулет Сәрсенбаев.
Сонымен біреге Қоғалыкөл ауыл ауылының әкімі Бақытжан Рахымбеков ауылда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
– 2022 жылы елді мекеннің ауылішілік маңызы бар Тілеу ұста мен Қаныш Сәтпаев көшелерін асфальтталды. Құны 44 млн 487 мың теңге. Мердігер мекеме «Құрылыс-Көлік компаниясы» ЖШС-гі. Қазіргі таңда 17 көшенің 11-не 268 дана түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды. Түнгі жарығының 215 шамдар ауыстырылды. 5 көшеге асфальттауға жобалық сметалық құжаттары дайындалып, аудандық ЖКХ бөліміне ұсынылды. Көп балалы аз қамтылған 3 (үш) отбасыларға тұрғын үйге салып берілді. Санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу каналдарын тазарту мен көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Талдарды әктеу, түнгі жарық бағандарын, шарбақтарды сырлау жұмыстары атқарылып, ауылішілік көшелерге күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы атқарылатын жұмыстар: Қоғалыкөл ауылдық округі бойынша 2023 жылы қаралған бюджет – 116 млн 154 мың теңге болып бекітілді. Қоғалыкөл ауылдық округіндегі тозығы жеткен электр желілері, бағаналары және трансформаторларды толығымен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Құны 499 млн 308мың теңге. Мердігер «УниверСтройСервис» ЖШС-гі. Қызылорда - Қоғалыкөл бағытындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп толығымен аяқталатын болады. Бүгінгі күнге 4 км 800 метрі асфальтталды. Мердігер – «СТК» ЖШС-гі. Ауылішілік көшелерінің 115 жарық шамдары ауыстырылды. Санитариялық тазалық жұмыстары және көркейту көгалдандыру бойынша ауылдың ішкі аяқсу каналдарын тазарту, 350 көшет отырғызылып, талдарды әктеу мен көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. «Қоғалыкөл» ЖШС-гінің демеуімен орталықтағы С.Майқанова көшесі 50 «Калифорниялық» терек көшеті мен 25 «ясин», 25 «катальпа» отырғызылып, күтімге алынды. «Аңламас» өңірінен бақша егу жұмыстарына 15 гектар жер дайындалып, 20 адамға бөлініп берілген. Елді мекендегі ауылішілік маңызы бар М.Шоқай көшесін (300 метр) асфальттауға құны 15 млн 909 мың теңге және М.Шоқай тұйығын (260 метр) асфальттауға құны 17 млн 927 мың теңге орташа жөндеуге жобалық сметалық құжаттары әзірленді. Мердігер «Әлем қызмет групп» ЖШС-гі. Қоғалыкөл клуб котельнийінің ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланып, Мердігер «Сардар-2018» ЖШС-гі анықталды. Құны 1 млн 857 мың теңге «Полигон» аумағын қоршалауға баға ұсыныстарына ұсынылып, қажетті материалдар алынуда. Құны 3 млн 995 мың теңге. «М.Есмахов», «Ә.Тілеулиев» және «Водозаборная» көшелерінің ауыз су құбырлары мен көру құдықтарының құрылысына (488 метр) конкурс жарияланды. Құны 99 млн 915 мың теңге, – деді ауыл әкімі.
Бұдан кейін Шіркейлі ауылының әкімі Талғат Құламқадіров елді мекен бойынша атқарылған жұмыстарды саралады.
Кеңес мүшелері әрбір мәселе бойынша тиісті ұсыныстар енгізіп, сұрақтар қойды. Көтерілген мәселелерге баяндамашылар жауап берді.