Kyzylorda-news.kz. Әскери-экономикалық оқу жаттығуы  13 сағат 03 минутта басталды. Патрульдік полиция «321» экипажы құрамының қызметкерінен Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан № 49 көпқабатты тұрғын үйдегі 4-қабатындағы пәтерден табиғи газдың жылыстауы салдарынан жарылыс орын алды. 

Жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізіп, жарылыс салдарынан ғимараттың бөлек бөліктерінің құлауы мен пәтерлердің және шатырдың өртеніп жатқанын анықтады. Сонымен қатар оқиға орнында көлік қозғалысын шектеу  мен тәртіпсіздікті, ұрлықты болдырмау үшін патрульдік қызмет жүргізуге Қызылорда облысы Полиция департаментінен 4 патрульдік полиция экипажы тұрғын үйге жақын орналасқан көшелер мен көше қиылыстарында жол қозғалысын шектеді.

Сатылы автокөлік көмегімен Тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен көмек сұрап тұрған 2 адам және 5-қабатының терезесінен 4 адам құтқарылып, медициналық көмек көрсету үшін апаттар медицинасы орталығы дәрігерлеріне тапсырылды. Олардың психологиялық жағдайын анықтау, оларға психологиялық көмек көрсету үшін психолог мамандар жұмылдырылды.

Жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесінің қызметтік иттерінің көмегімен қирандылар астында қалған адамдардың бар екендігі анықталып, автокөлікке орнатылған көтергіш кран көмегімен бетон плиталарды көтеріліп, қиранды астында құрсауда қалған, есін жоғалтқан бірақ өмір сүру белгілері бар 1 адам табылды.

Барлау жұмыстарының нәтижесінде ғимараттан 25 адам эвакуацияланып, эвакуациялау пунктіне жеткізу үшін көлік қызметінің автобустарына жолданды.

Азаматтық қорғаудың көлік қызметінен келген 3 бірлік автобустар, 75 эвакуацияланған адамды орналастырып патрульдік полиция экипажының бағыттауымен оқиға орнынан эвакуациялау пунктіне жеткізуге жолданды.

эвакуациялау пункті оқиға орынан жақын орналасқан Мұратбаев көшесі № 198 орта мектеп ғимаратында құрылып, жәбірленушілерге  алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

13 сағат 25 минутта барлау жұмыстары толықтай аяқталып, әскери жағдай режиміне көшірілуіне сәйкес оқиға орнында және  оның аумағында тұрғындардың толықтай көшірілуіне көз жеткізіліп, өрт ошақтары толықтай жойылды.

Тактикалық ойға сәйкес, оқиға орнынан барлығы 75 адам эвакуацияланып, 10 адам құтқарылды. Қаза тапқандар саны 2 адам. Қызметкерлер мен жұмысшылар арасында жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ.

Оқу-жаттығуға барлығы 29 бірлік  техника, 213 адам қатыстырылды.

Тағы да оқыңыз: