Kyzylorda-news.kz. Биыл Сырдария ауданының шаруалары 33,1 мың гектарға егін екті. Оның ішінде, 21,1 мың гектары күріш дақылы.

Аудан дихандары орта есеппен әр гектарынан 63,5 центнерден өнім алынып, барлығы 134,2 мың тонна Сыр маржаны жиналды. Сондай-ақ Сырдариялық шарулар 1752 гектар жаздық бидай, 92 гектар арпа, 54 гектар мақсары, 10 гектар сүрлем жүгері, 2441 гектар жаңа жоңышқа, 6815 гектар жерге ескі жоңышқа екті.

Тағы да оқыңыз: