Сырдария өзенінің бүгінгі жайы қалай? – Kyzylorda News
Басты бет

Сырдария өзенінің бүгінгі жайы қалай?

03.11.2021, 16:40

354 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына секудына 90 текше метр су жіберілуде.

Шардара су қоймасына су көлемінің аз түсуіне сәйкес, су қоймасынан өзеннің төменгі ағысына 2021 жылдың 8 қыркүйек -18 қазан аралығында секундына 30 текше метр, 19 қазан-23 қазан аралығында секундына 50 текше метр, 24 қазан-2 қараша аралығында секундына 65 текше метр су босатылды. Су қоймасына түсіп жатқан су көлемінің ұлғаюына байланысты осы жылдың 3 қарашасынан бастап су қоймасынан өзеннің төменгі ағысына секундына 90 текше метр су жіберілуде.

Бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су көлемі 894 млн. текше метрді құрап отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 1005 млн. текше метр болған. Қазіргі таңда қоймаға түсіп жатқан су көлемі секундына 149 текше метр, ал өткен жылы секундына 182 текше метр еді. Бүгінде өзеннің төменге ағысына тасталып жатқан су көлемі секундына 90 текше метр болса, 2020 жылы секундына 75 текше метр болатын.

Арыс өзенімен Сырдария өзеніне түсіп жатқан су көлемі секундына 3,5 текше метр. Өткен жылы секундына 6,1 текше метрді құраған.

Қызылорда облысы шекарасына Көктөбе су бекеті арқылы секундына 114 текше метр су түсіп, Қызылорда су торабынан өзеннің төменгі ағысына секундына 76 текше метр, Әйтек су торабынан өзеннің төменгі ағысына секундына 34 текше метр, Қараөзек арнасымен секундына 40 текше метр, Қазалы су торабынан өзеннің төменгі ағысына секундына 20 текше метр су жіберілуде.

Қазіргі уақытта Қараөзек арнасы арқылы Қазалы және Ақлақ су тораптарымен Сырдария өзенінің суы тежеліп көлдерге экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында секундына 61 текше метр су жіберілуде.

0

Пікір қалдыру