Kyzylorda-news.kz. Сырдария өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

 «Мұздық құбылыстарға байланысты Қызылорда облысының Қазалы қаласы тұсында Сырдария өзеніндегі су деңгейі сағат 08:00-ден бері +29 см көтерілді және де қауіпті белгіге жақындады», делінген ескертуде.

Нақты деңгей сағат 14:00-де 612 см-ге жеткен, қауіпті деңгей 640 см (судың өзен арнасынан жайылып кетуі) болуы керек. Ал, шекті деңгей 743 см (елді-мекенді су басу қауіпі туады).

«Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтіледі», делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: