Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданында санитарлық тазарту және көркейту жұмыстары жүргізілді.

Сырдария ауданының орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту және көркейту жұмыстары күн тәртібіндегі бірінші мәселе.
Осыған орай, бүгін Сырдария ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бүкіл аудандық сенбілік ұйымдастырылды. Бүгінгі сенбілік «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында өткізілуде. Мемлекет басшысы қолдаған "Birge – taza Qazaqstan" жалпыреспубликалық акциясы екі кезеңде – көктем мен күзде өткізілді. Аталған акцияның негізгі мақсаты — қоғамның тазалыққа деген көзқарасын өзгерту.

Аудан әкімдері бас болып, туған жеріміздің тазалығына мән беріп, оны халық болып жалғастырып жатқаны әрине сүйсінерлік жай. Әсіресе ауыл-аймақты көгалдандыруға көп көңіл бөліп, соған бар күшті салуымыз керек. 

Сонымен қатар, осы күні аудандағы барлық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, жастар, еріктілер және әрбір кент тұрғындары өздерінің аумақтарын тазалап, соған күштерін салды.
Кез-келген жердің тазалық көрсеткіші сол жерді мекендейтін тұрғындардың мәдени деңгейін көрсетеді. Ендеше, тазалық жұмыстарына дәрменсіздік танытпай, әрдайым жауапкершілікпен қарайық.

Тағы да оқыңыз: