**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Жастар жылына» орай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Жастар ісі» секторы «Жеті рухани қазық – жастар ұстанымы» атты Сыр жастарының облыстық форумын ұйымдастырды.** Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық мешіттің Бас имамы Болатбек Абуов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов қатысты. > _«Форумның мақсаты – тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы жолында әр саланың білікті мамандарының  тәжірибелері арқылы жас қазақстандықтарды имандылыққа, парасаттылыққа, ауызбірлікке, белсенділікке үндеу. Рухани құндылықтарымызды бойға сіңіріп, сапалы ұлт қалыптастыру кезеңінде үлес қосуға насихаттау», – дейді ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Абуов._ Форум барысында аймақтағы жастар саясатының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров алғыс хатпен марапаттады. ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy2.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy3.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy4.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy5.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy6.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy7.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy8.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy9.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2019/11/19zhastarforumy10.jpg)