Kyzylorda-news.kz. Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан Қызылорда облысы әкімінің «Сыр үміті» жастар сыйлығының табыстау шарасы биыл да өз жалғасын таппақ.

«Сыр үміті» жастар сыйлығына халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық дәрежеде жүлделі орындардан көрініп жүрген 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Талғат Тілес хабарлады.

«Әрбір жас терең білімді адал еңбекке ұштастыра білсе табысқа жетері сөзсіз. Осы қағиданы өмірлік ұстанымына айналдырған, елдің дамуына айрықша үлестерін қосқан табысты  жастарға «Сыр үміті» сыйлығы тағайындалып отыр.  Ауқымды шараның басты мақсаты – сырбойылық жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, жастар ұйымдарымен байланысын нығайту сондай-ақ, білім, ғылым, өнер, мәдениет саласындағы үздік жастарды ынталандыру болып табылады. Сондықтан барша Сыр елінің жалынды жастарын «Сыр үміті» жастар сыйлығына қатысуға шақырамын», — деді Талғат Оспанұлы.

Құжаттарды қабылдау 18 қазанға дейін жалғасады. Сонымен қатар тиісті құжаттар бекітіліп, портфолио түрінде ұсынылуы қажет.

Айта кетейік, жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру мақсатында 2011 жылдан бастап өз ісінің көшбасшысы, нағыз патриот  белсенді азаматтарына «Сыр үміті» сыйлығы табысталып келеді. 
 

 

Тағы да оқыңыз: