Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысынан биылғы жылдың 5 айында 16,5 млн долларды құрайтын 47,0 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 138,6 пайызға артты.
Экспортталған өнім түрлері балық өнімдері, күріш, бидай қалдығы, қамыс және бидай ұны.
Облыста өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусия, Әзірбайжан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Украина, Түркмения, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде.
Сондай-ақ, биылғы жылы алғаш рет Германия мемлекетіне 171,9 тонна қамыс және Өзбекстан мемлекетіне 136 тонна бидай ұны экспортталды.
Қазіргі уақытта, қарбыз, қауын, көкөніс өнімдері Ресей мемлекетінің нарығына шығарылып жатыр.