Kyzylorda-news.kz Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған дін қызметкерлері жасанды интеллект бойынша оқыту курсына қатысуда.

«Kyzylorda hub» өңірлік хабында ұйымдастырылған курстың алғашқы күнінде хаб жетекшісі Жанарыс Тубекбаев имамдарға деректер базасын құру, ақпаратты саралау және жеке қызметтік ассистент жасау жолдарын үйретті.

Айта кетейік, заман талабына сай жаңашылдыққа ұмтылған сырбойылық жас имамдарға арналған бұл оқыту курсы екі күнге жалғасады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: