Ораза Айт мейрамы барша мұсылман қауымы үшін айтулы мереке. Сол себепті айт күндерін көтеріңкі күйде, қуаныш пен шаттыққа толы өткізу – Алла разы болатын және мол сауапқа кенелтетін іс.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты «Мүсірәлі ата», «Ыбырайым молда», «Хазіреті Әли», «Ақмолда», «Әлі Арыстан, «Қалмұхаммед ишан», «Мақтұм Сейіт», «Әл-Уәли» мешіттерінің имамдары Ораза Айт күні өңірдегі “Оңалту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барды. Ауруханада ем алып жатқан жандарға шипа тілеп, оларға айттық сыйлықтарын табыстады.
Аталмыш мекеме ұжымы барша дін қызметкерлерінің игі ісіне алғысын білдірсе, ем алушы ақсақал өзінің ақ батасын жаудырды.
