Kyzylorda-news.kz. Республика күніне орай елордада мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Астана Опера және Балет театрында өткен салтанатты iс-шараға Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты.
Ұлттық мереке күніне арналған жиынға Сыр өңірінен арнайы делегациясы қатысты. Оның құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, «Абзал и К» толық серіктестігінің басшысы, Қазақстанның Еңбек Ері, облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Абзал Ералиев, қоғам қайраткері, белгілі кәсіпкер Самұрат Имандосов, "Сыр Медиа" ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев, қоғам қайраткерлер, еңбек ардагерлері Шахизат Туребаев пен Серхожа Идрисов, Шиелі аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Найла Палымбет, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова, «Авто-лидер Кызылорда» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Нұрболат Ибраев және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.
Концертте отандық танымал өнер жұлдыздары, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ симфониялық оркестр өнер көрсетті.
Айта кетейік, кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.

