Kyzylorda-news.kz. Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы 4 мамырдан бастап облыстық жастар орталығында штаб құрылып, жұмыс жасауда.

Бүгінге күнге дейін барлығы 95 тонна гуманитарлық көмек бағытындағы заттар жинақталып, 6 мамырдан бастап алты кезеңмен, оның 89 тоннасы жеткізілді.
Оның ішінде 77,5 тонна азық-түлік, 7 тонна киім-кешек пен көрпе-төсек, 10,5 тонна тұрмыстық заттар жөнелтілген болатын.

Сыр жұрты тасқын судан зардап шеккен Мақтарал тұрғындарына қайырымдылық жасауды жалғастыруда. Көмекке тағы 6 тоннадан астам гуманитарлық заттар жинақталып, Мақтаарал ауданына кезекті қайырымдылық керуені жолға шығады.

Тағы да оқыңыз: