Kyzylorda-news.kz. ҚР V Жастар спорт ойындарының алдындағы грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиыны “Мұз айдыны” спорт кешенінде өтуде.

Жастар құрамасының аға бапкері Ермек Көкетов жетекшілігімен оқу-жаттығу жиынына Қызылорда қаласы мен аудан спортшылары қатысуда. Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын ҚР V Жастар спорт ойындары аясында грек-рим күресінен жарыс 24-26 қаңтар аралығында өтеді. Жарыстың өтетін аймағы әзірге белгісіз.

Еліміздің барлық өңірінен қатысатын спортшылар 10 салмақта жүлделерді сарапқа салады.

Сыр елінен грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері, спорт шеберіне үміткерлер 55 келіде Қасымхан Мейрамбекұлы, 60 келіде Ернат Кеңес, 67 келіде Нұрбол Бағдаулет, 72 келіде Берекет Ақбалаев бастаған және тағы басқа облыстың жастар құрамасы бақ сынайды.

Тағы да оқыңыз: