Kyzylorda-news.kz «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында Сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері, оның салдары, сондай-ақ сыбайлас жемкорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері жөнінде талқыланды.
Филиалдың заңгері Олжас Шаманың сыбайлас жемкорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау мәселелері және корпоративтік этика жөніндегі баяндамасы тындалды. Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тестілеуде келтірілген мысалдар негізінде практикалық жағдайлар, қатысушылар мүдделер қақтығысы, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану, сондай-ақ әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер бойынша нақты мысалдарды заңнама тұрғысынан талқылады.
Нәтижесімен Филиал қызметкерлерінен сыбайлас жемқорлық санатындағы орын алған құқық бұзушылық, оның ішінде заңсыз сыйақы беру фактiлерiн болдырмау және алдын алу қажеттігін ескеріп «Сыбайлас жемкорлыкқа қарсы іс-қимыл туралы» талабының қатаң сақталуы, өзге тұлғалармен процессуалды емес қатынастарға бармау, «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңына сәйкес, мемлекеттiк ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектiлерiнiң басшылары бағынысты қызметкерлердiң сыбайлас жемкорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатыны қатаң ескертіліп, Филиалдың бөлiм басшыларына өздерi жетекшiлiк ететін қызметіне ведомстволық бақылауды күшейтіп, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында заңдылықты бұзу қылмыстық қудалауға әкеп соғатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, сыйлықтар, заңсыз ақшалай, материалдық сыйақы алу және беру фактілеріне және заңдарда көзделмеген басқа да игіліктер мен артықшылықтар алу фактілеріне (оның ішінде үшінші тұлғалар тарапынан ықтимал арандатушылық әрекеттерге) жол бермеуге, қызмет барысында, жеке тұлғалармен немесе медициналық мекемелердің өкілдерімен тілдесу барысында өзін дұрыс ұстап, сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне дайын деген ойға алып келетін сөздерге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Фото: Нурболат Нуржаубай