Kyzylorda-news.kz  Сырдария ауданына қарасты А.Тоқмағанбетов ауылының жастарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенді жоспары негізінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуді жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Рамазан Ыдырысов жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты  қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, жастардың еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

– Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек, – дейді жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Рамазан Ыдырысов.

Тағы да оқыңыз: