Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Qazaly Jastar Resurstyq Ortalygyның ұйымдастырумен және сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық диалог алаңы болып өтті.
Аталмыш шараға жастар және жас мамандар қатысып, қоғамда белең алып бара жатқан жемқорлықты жою, оның алдын - алу мәселелері төңірегінде әңгіме қозғады.
Қазіргі таңдағы басты мәселенің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуіміз керек.
Қазақстан Республикасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің, (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қызылорда облысы бойынша департаментінің жанындағы,мемлекеттік қайраткерлер мен құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының мүшесі Болатбек Айтбенбетов.