Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы И.Бакишева мен департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы Э.Әбдіқалықова Сырдария ауданы Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің орта мектеп оқушыларымен «Жемқорлық-індет, онымен күресу-міндет» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру сипатындағы семинар өткізді. Семинардың мақсаты індеттің қағидатын санаға сіңіре отырып, бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұмылдыру болып табылады. 

− Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатын арттырудың маңызы зор. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Сол себепті осы кезден бастап бұл індеттің қауіптілігін жас ұрпақтың санасына сіңдіре білуіміз қажет, − дейді департамент басшысы.

Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен салдары, алдын алу мәселелері бойынша қолға алынған шара  Өркениет медициналық колледжінде жалғасын тапты. 
Студенттермен кездесуге департамент басшысы мен бірге департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілі Ұ. Оразгелді  де қатысып, жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін қауіптілігін жете түсіндірді. Шара барысында жастардың пікірі тыңдалып, сұрақтарына жауап та берілді.

Айта кету керек, департамент тарапынан ұйымдастырылған мұндай шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Тағы да оқыңыз: