Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиналыста құқықтық реформалардың негізгі бағыттары және олардың жоғары оқу орнының қызметіне ықпалы қарастырылды.

Жиын барысында университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері баяндама жасап, заңнамадағы жаңашылдықтар мен оларды университет қызметінде іске асырудың маңызын түсіндірді. Атап айтқанда, жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі құқықтық реформалар аясында 35-тен астам заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды.

Баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, ықтимал тәуекелдерді дер кезінде анықтау және оларды жою тетіктерін жетілдіру мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар, пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету, заңсыз сыйақы алу және қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану секілді құқық бұзушылықтар үшін көзделген қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Университет қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, білім алушылардың білімін әділ бағалау, кадрлық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу рәсімдері мен қаржы қаражатын пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң ұстану қажеттігі атап өтілді.

Тағы да оқыңыз: