Kyzylorda-news.kz И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы шеңберінде Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті.

Шара жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға және заңдылық пен жауапкершілік қағидаттары туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған.

колледж.jpg

Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Ж.Жүсіпәлиев әділдік және жауапкершілік сияқты моральдық құндылықтарға тәрбиелеудің маңыздылығын, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда әрбір азаматтың рөлі мен жауапкершілігін, қоғамдағы әділеттілік пен адалдықты нығайту үшін жастардың белсенділігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттігі бойынша пікір білдірсе, Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Е.Айнанов өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнематериалдар көрсетілді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультациялар алу үшін, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлау үшін 1424 колл-орталығына хабарласу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

колледж3.jpg

Тағы да оқыңыз: