Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Берікбол Байхожаев, партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов бейнебайланыс режимінде «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысына қатысты.
Маңғыстау облысында өткен көшпелі жиында Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттер талқыланып, оны жүзеге асырудың жолдары пысықталды.
Жиында «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің мүшесі Абзал Құспан, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы проблемалар төңірегінде «Риза-Ана» қоғамдық қорының директоры Бибігүл Рамазановлар сөз алып, ойларымен бөлісті.