Kyzylorda-news.kz. Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Онда Кеңестің құрамына өзгерістер енгізіліп, 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Отырысты ашқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев Мемлекет басшысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін тілге тиек етіп, Әділетті Қазақстанды құруда заң үстемдігін орнату, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін белең алған жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігін нақты атап өтті. 

«Бүгінгі отырыста жұмыс жоспарына өзгеріс енгізу осы бағыттағы жұмыстарда белсенді серпін беретініне сенімдімін», – деді кеңес төрағасы.

Жиын барысында кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты қаулы қабылданды.

Тағы да оқыңыз: