Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Диас Асылбекұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиынға кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6-бабының талаптарына сәйкес бюджеттік өтінімдерді әзірлеу кезінде артық қаржы сұратуды болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу мәселелері қаралды. Осыған орай, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Абайқызы тиісті талдау жұмыстары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, ауылдық округтердің клуб үйлеріне жүргізілетін төлемдерді «К2 Қазынашылық» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Мәжіліс барысында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Бөгенбайұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң бұзушылықтарды болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жиын соңында аппарат басшысы тиісті тапсырмалар беріп, жауапты мекемелерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі