Kyzylorda-news.kz.  «Aray city mall» сауда орталығында «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын және адам саудасының алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында заңгер Нұрсұлтан Байменов халыққа тегін құқықтық кеңес берді. Іс-шараны қалалық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. 

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға моральдық «иммунитетті» қалыптастыру және осының негізінде сыбайлас жемқорлықты еңсеру бойынша құзыреттерді дамыту,  құқықтық жаппай оқу арқылы құқықтық білім мен тәрбиені қамтамасыз ету бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

«Кеңес алу кезінде әсіресе егде жастағы қариялар өзінің кейінгі ұрпақтарына алаңдайтынын және осындай шаралардың көп болу керек екіндігін атап өтті. Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасында: «Отбасы және білім беру саласы бұл үдеріске мүдделілік таныта отырып қатысуы керек. Бұл жұмысты мектепке дейінгі бала тәрбиесінен бастаған абзал» делінген. Расында Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды құруда отбасынан алынатын тәрбиенің маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау қоғамның түрлі салаларын қамтиды, оның ішінде, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары», - дейді заңгер Н.Байменов. 

Тұрғындар түрлі салада сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.

629d3377-c5e9-4a65-9745-e64ccee7534a.jpg

Тағы да оқыңыз: