Суицидке жетелейтін «Синий кит» ойынының баламасы қазақ тілінде пайда болды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Суицидке жетелейтін «Синий кит» ойынының баламасы қазақ тілінде пайда болды

20.09.2020, 14:00

136 0

 Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді суицидке жетелейтін қазақ тіліндегі ойындардың баламасы пайда болды. Бұл туралы өңірлік «Ақтөбе Таймс» басылымы жазады.

Ақтөбе денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психологы және штаттан тыс бас суицидологы Светлана Пошолченко интернеттегі ойындар туралы дабыл қағып отыр. Оның айтуынша, жаңадан пайда болған ойындар бірдей атауға ие емес және ол үнемі өзгеріп тұрады.

«Интернетте атауы ұдайы өзгеріп жататын қазақ тіліндегі қосымшалар мен топтар құрыла бастады. Яғни, бұлар Қазақстанға арнайы бейімделген ойындар. Олардың барлығы да «Синий кит» ойынының негізінде жасалған. Сатылап берілетін нұсқаулар бойынша балалар күн сайын тапсырмалар орындайды. Ал соңғы тапсырма – суицид. Сондықтан да ата-аналар балалардың интернетті пайдалануын мұқият бақылағаны жөн», – дейді сарапшы.

Сондай-ақ, Светлана Пошолченко қашықтан оқыту кезінде балалар компьютер мен гаджеттердің алдында көп уақыт өткізетіндіктен, олар көретін ресурстарды мұқият қадағалау маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, балалар үшін қауіпті «Синий кит» ойыны 2017 жылдан бастап әлеуметтік желілерде тарала бастады. Белгісіз адамдар Қазақстан, Ресей және Қырғызстан жасөспірімдерін интернет арқылы осы ойынға қызығушылығын оятты. Жасөспірімдер мұндай қосымшаларды жүктеп алып немесе әлеуметтік желілердегі топтарға қосылды. Ойын кезеңдері «куратор» деп аталатын ынталандыру тапсырмалары арқылы жүргізіліп тұрады.

Ал соңғы тапсырма суицид жеткізеді. Ондаған жасөспірім осындай ойындардың құрбаны болды. Кейбір балалар тапсырмаларды орындағаннан кейін мүгедек болып қалды.

0

Пікір қалдыру