Суды аз ішу иммунитетті әлсіретеді – Kyzylorda News
Басты бет

Суды аз ішу иммунитетті әлсіретеді

17.07.2021, 13:00

604 0

Kyzylorda-news.kz. Жалғыз өзі сан түрлі дерттің қозуына себепші болатын иммунитет неге әлсірейді, қай кезде төмендейді, оған не себеп? Міне, осы сұрақтың жауабын төмендегі мақаладан толық біле аласыз.

Қай жеріңіз ауырып, ем іздесеңіз, дәрігерлердің бірінші айтатыны – иммунитетті көтеру керек. Яғни, иммундық жүйесі мықты адамның ауруға қарсы күресу қабілетті де мықты деген сөз. Иммунитет – ағзаны инфекциядан қорғайтын биологиялық жүйе. Егер иммунитет бірнеше сағатқа «ұйықтаса», адамның ағзасын сол мезетте-ақ микроб жаулайды. Адам иммунитетсіз өмір сүре алмайды. Сізге бүйрек, бауыр, жүрек қалай керек болса, иммунитет те солай керек. Олар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Ағзаның иммунитеті әлсіреген тұста инфекциялық аурулар жұқтыруға бейім келеді. Пневмония, остеомиелит, сүйектегі іріңді аурулар, ішкі ағзалардың ауруына шалдығады. Қызу көтеріліп, бойын әлсіздік билейді. Бұл жағдайға тап болған адам антибиотик қабылдайды, тіпті аурухана төсегіне таңылу қаупі де жоқ емес.

Жалғыз өзі сан түрлі дерттің қозуына себепші болатын иммунитет неге әлсірейді, қай кезде төмендейді, оған не себеп? Міне, осы сұрақ кез келген адамды ойландыратыны сөзсіз. Ендеше, azbyka.ru сайты ұсынған иммунитеттің әлсіреуіне себеп болатын 7 жағдаймен танысып шығайық.

СУДЫ АЗ ІШУ

Кез келген дәрігер қандай дертке шалдықсаңыз да сұйықтықты көбірек ішіңіз деп ескертеді. Демек, судың өзі бір емес, бірнеше дертке дауа болады екен. Егер ағза сусызданып бастаса, онда шырышты қабат жұмысын тоқтатады. Салдарынан тыныс жолдарының жұмысы нашарлап, нәтижесінде иммунитет әлсірейді. Мұның алдын алу үшін күніне кем дегенде 1,5 литр су ішуге әдеттеніңіз.

ГАЗДАЛҒАН ТӘТТІ СУСЫН мен ФАСТФУД

Газдалған судың құрамындағы ортофосфор қышқылы ағзаданы кальций элементінен тазартады. Ал бұл элемент өз кезегінде иммундық жүйенің қорғаушысы екенін ұмытпаңыз. Сондықтан да газдалған тәтті сусынды шектегеніңіз жөн. Ал шұжықша (сосиска), (колбаса), чипси, майонез секілді дайын тағамдар да иммунитетті төмендетуге қабілетті. Бұл тағамдардың құрамында ешқандай нәрлі, құнарлы әрі пайдалы элементтер жоқ. Егер аталған тағамды үзбей жейтін болсаңыз, ішек жолдарының жұмысын нашарлатып, иммунитетті әлсірететінін біле жүріңіз.

СТРЕСС

Жүйкенің мықты болуы тікелей иммунитетке байланысты. Стресс, фобия, қорқыныш пен үрей иммундық жүйенің жұмысын әлсіретеді. Бұл кезде адам реакциясын жасыра да, тоқтата да алмайды. Еркінен тыс болған жағдай иммунитетке кері әсер етеді.

ЖАМАН ӘДЕТТЕР

50 гр. алкоголді ішімдік иммунитетті 24 сағатқа әлсіретеді екен. Оның құрамындағы нейротоксин никотині иммундық жүйеге зиянын тигізеді. Сол секілді темекіден келетін де ешқандай пайда жоқ екен. Темекі де ағзаны уланып, қорғаныс қабілетін нашарлатады.

ҰЙҚЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ

Тыныш әрі жайлы ұйқы – мықты иммунитетті қалыптастырады. Адам демалу, ұйықтау, тынығу арқылы иммунитетін күшейтетін көрінеді. Зерттеушілер ұйқының иммунитетке қандай әсері барын анықтамақ болып еріктілерге зерттеу жүргізеді. Оларды 2 топқа бөліп, тұмауға қарсы вакцина салады. Бірінші топ 4 сағат, ал екінші топ 7-8 сағат ұйықтаған екен. Қан сараптамасы екінші топтағы адамдардың ағзасында ауруға қарсы қарсыласу күшінің мықты болғанын көрсеткен. Демек, ұйықтау арқылы иммунитетті қалыптастыруға болады деген тұжырымға келген.

ГИПОДИНАМИЯ

Аз қозғалыс ағзаға кері әсерін тигізумен қатар, эндорфин гормонын жояды. Қуаныш гормоны азайған кезде адамның бойын ашушаңдық, енжарлық билейді. Оған қоса, қуаты таусылып, шаршау болады. Қозғалыс – денсаулықтың кепліі екенін естен шығармаңыз. Қозғалу үшін ақша, уақыт керек емес. Тек ықылас болу керек. Тап қазір орныңыздан тұрыңыз да билеңіз. 5 минуттық би сізге керемет көңіл-күй сыйлайды. немесе 5 минут таза ауаға шығып, жүріп қайтыңыз. Тіпті, қызықты анекдот оқып, күліңіз. Мұның өзі ағзадағы қуаныш гормонын оятады. Күлу, билеу, жүру, жүгіру, ұйықтау иммунитетіңізді нығайтады.

Сонымен, тәтті ұйқы, жанның тыныштығы, қозғалыс, дұрыс тамақтану мен қажетті мөлшердегі су ішу – мықты иммунитет қалыптастырады. Қарап отырсаңыз, өте оңай әрі нәтижелі әдіс. Ендеше, 7 түрлі әдісті қолдану арқылы денсаулығы зор әрі иммундық жүйесі мықты адам болыңыз.

Дереккөз: ernur.kz

0

Пікір қалдыру