Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты төрағасының жемқорлық әрекетін әшекереледі.

Судья делдал, яғни сот отырысының хатшысы арқылы борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат беру үшін одан үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

2020 жылдың 22 қаңтарында қылмыстық қудалаудан қорғалған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға бас прокурордың келісімі берілді.

Күдіктің кінәлілігінің деңгейі туралы нақты шешімді сот қабылдайды.

Sputniknews.kz

Тағы да оқыңыз: