Kyzylorda-news.kz  Кеше Байқоңыр қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау жобасы бойынша алда атқарылатын жұмыстарды пысықтау үшін жұмыс кеңесі өтті.

Кеңеске Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жан Шайхысламұлы, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Павлович, сондай-ақ жауапты сала басшылары қатысты.

Жиын барысында жобаның екінші кезеңі бойынша іске асырылатын жұмыстар мен оның жүзеге асу барысы талқыланды. Алдағы уақыттағы Байқоңыр қаласы аумағында іске асырылатын техникалық және инфрақұрылымдық шешімдер де нақтыланды.

Айта кету керек, қазіргі таңда реконструкциялау жобасының екінші кезеңінің құрылыс жұмыстары басталуда. Бұл кезеңде негізгі инженерлік желілер жаңартылып, су жүйесінің сапасы жақсартылатын болады.

Аталған жоба — қала мен аудан халқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды заманауи талаптарға сай жетілдіруге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Фото: Қармақшы ауданы

Тағы да оқыңыз: