Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында Көші-қон заңнамасын бұзған 749 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биылғы жылдың 7 айында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бөліністерімен облыс аумағында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген 2138 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Оның 1973-і ТМД елдерінен, ал 165-і алыс шетелдерден келгендер. Шетелдіктердің ішінде 249-ы жеке мақсатта, 32-і іс сапармен, 1838-і жұмысқа, 7-і оқуға, 1-і миссионер, басқа мақсаттарда 11 азамат келіп тіркелген. Олардың 1747-і Өзбекстан Республикасынан, 19-і Қырғызстаннан, 169-і Ресейден, 155-і Қытай Халық Республикасынан келген.

«ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 749 шетелдік анықталып, олар ҚР ӘҚбТК-нің 517 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған 389 азаматқа және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 72 азаматқа Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 519 және 518 баптарымен әкімшілік шара көрілді», – дейді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

Әкімшілік кодекстің 517 бабы бойынша әкімшілік жолмен республика аумағынан 64 шетелдік шығарылды. Сотқа дейіңгі тергеп-тексеру тізіліміне 2 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді.

Тағы да оқыңыз: