Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімінің тапсырмасымен құрылған жұмысшы тобы «Қалғандария» жағажайында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жұмысшы топ құрамында Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ.Шарафадинов, Сырдария ауданы әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы Қ.Қуандықов және полиция бөлімінің қызметкерлері қатыстырылды.

Іс-шараның мақсаты – балалардың жазғы маусымда белгіленбеген орындарда суға түспеуі қадағаланды.

–  Жаз мезігінде суға түсу балалар арасында жиілеп тұр. Әрине, жазғы демалысқа шыққан балаларға ата-аналар ата-аналар тарапынан қадағалау жүргізу керек. Шын мәнінде, балалардың суға шомылу кезінде ережені сақтауы маңызды. Себебі, жазатайым оқиға отбасыға қайғы сыйлауы мүмкін. Есепті мерзімде түсіндірме жүргізуге мүдделіміз, Біздің мамандарымыз су айдындарына бақылау жүргізе беретін болады, – деді бөлім басшысы.

Сонымен қатар ата-аналар мен көпшілікке жаз маусымы кезіндегі балалардың рұқсат етілген суға шомылуы кезінде ата-анасының қадағалауында болуы керектігін тұрғындар назарына жеткізіп, жадынамалар, ескертпелер, үнпарақтар таратылды. 

Тағы да оқыңыз: