Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы жыл өткен сайын жаңарып, келбеті көркейіп келеді. Субұрқақтардың саналуан түрлері көбейіп, ерекше сән беруде. Жаздың ыстық аптаптарында субұрқақтарға адамдар көп жиналады. Бірі қолын жуады, бірі бетін жуып салқындайды, ал енді бірі бассейндегідей субұрқаққа шомылып та жатады. Бірақ бұл қауіпті. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Динара Жанабергенова осылай дейді. 

Ең алдымен, субұрқақтар қаланы абаттандыру элементтері екенін, олардың ауаны ылғалдандыруға арналғанын, бірақ шомылуға арналмағандығын есте сақтау керек.

Субұрқақта шомылу кезінде жарақат алу қаупі жоғары. Субұрқақтар беткі аймағындағы көмескі жарықтар, қосылған коммуникациялардан механикалық және электр жарақатын алуға болады. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және күн сайын тыйым салынған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертіңіз.

Сонымен қатар субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады, олар әртүрлі инфекциялардың тасымалдаушысы бола алады. Судағы ауа температурасы жоғары болған кезде микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тиюге ғана емес, сонымен қатар жіті ішек инфекциясынан емес еконъюнктивитке әкелуі мүмкін. Ең үлкен қауіп – энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ «А»вирустық гепатиті.

Субұрқақтың жанында болған кезде судың дененің шырышты қабаттарына түсуіне жол бермеуге тырысыңыз және ешбір жағдайда су ішпеңіз!

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесі кеңестерді назарларыңызға ұсынады:  

- қалалық субұрқақтар шомылуға немесе зат жууға арналмаған;

- үйден серуендеуге шыққанда, өзіңізбен бірге бір бөтелке су ала шығыңыз – ішу үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген уақытта сергіп, қолдарыңыз бен бетіңізді шаю үшін;

- ауа-райына сәйкес киініңіз, сонда қызып кету ықтималдығы әлдеқайда төмен болады;

- шомылу үшін тек рұқсат етілген су объектілері мен бассейндерді пайдаланыңыз;

- ата-аналар балаларға субұрқақта шомылудың неге қауіпті екенін түсіндіруі керек.

 

Тағы да оқыңыз: