Kyzylorda-news.kz Бүгін партияның қалалық филиалының «Жарық» бастауыш партия ұйымына қарасты "Торғай-Петролеум" АҚ-ның Құмкөл кенішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жіберуге атсалысқан белсенді азаматтар марапатталды.

Шараға партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы Мұсаева,  Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаңабаев Ғабит Жұмабекұлы және «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры Әбілқайыров Дәурен Тұрғанбайұлы қатысты.

Марапаттау шарасында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге атсалысқан, жүктердің өңірлерге қауіпсіз әрі өз уақытында жетуіне еңбек сіңірген бірқатар азаматтарға облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың «Алғыс хаты» табысталды. 
Сонымен қатар, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Төрешова Ләйлә Бегалықызының «Алғыс хаты» белсенді партия мүшелеріне, компания қызметкерлеріне табысталды.
Бірқатар белсенді азаматтар компанияның «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, бұған дейін аймақтағы ірі мұнай компанияларының бірі  – «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамы Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарына 50 млн теңгенің 120 тонна қайырымдылық көмегін жеткізген болатын. Азық-түлік, газ плиталары, қайықтар мен құрал-саймандар, төсек жабдықтары, ыдыс-аяқ, гигиеналық заттар мен дәрі-дәрмек тиелген 10 жүк көлігі азаматтарға үйлестірілді.

60c4f3b2-2fad-4b96-b666-a14acbbd6169.jpg

0deacc57-eeaf-425f-8eb2-81ba8203d1fd.jpgb310a18e-1dea-454f-a865-4b7fe5295736.jpg

Тағы да оқыңыз: