Kyzylorda-news.kz Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жолына жауапты басшысы мердігерлерден пара алған.
Көктемде су тасқынынан Ойыл ауданында жүздеген үй қирап, жолдар мен көпірлерді су шайып кеткен болатын. Жағдайды өзінің пайдасына пайдаланған бөлім басшысы Айнат Қазмағанбетов тасқыннан келген шығынды есептейтін бағалаушы компания басшыларынан пара алған. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады.
Алдымен екіжақты келісімшарт толтырып, 100 мың теңге сұраған. Ақшаға құныққан шенеунік Ойылдың оңтүстік бөліміне электр сым тартатын мердігерден 500 мың алған. Сотта бұрынғы шенеунік кінәсін бірден мойындаған. Сол үшін судья айыппұлмен шектеуді жөн көрген. Сондай-ақ пара берген компания басшысы да жазасыз қалмады – он миллион теңге айыппұл төлейді. Бөлім басшысының айыппұлы одан 11 миллион теңгеге артық.
– Ақтөбе облысында тасқында пайда таппақ болған шенеунік жазаланды. Ойылдың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жолына жауапты басшы мердігерлерден пара алған, – деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Таирова.
Фото: www.istockphoto.com