Kyzylorda-news.kz Су тасқынының толастамауына байланысты өңірлердегі жол қозғалысы қиындаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі су тасқыны салдарынан Қазақстан-Ресей шекарасының жабылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған себеп – екі ел арасында шекарада кептелістің пайда болуы. Су тасқынының толастамауына байланысты өңірлердегі жол қозғалысы қиындаған.

"Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарындағы күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының қозғалысын шектелуі мүмкін. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз ", - деп жариялады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Фото: ҰҚК

Тағы да оқыңыз: