Kyzylorda-news.kz Арал қаласынан бастап Ақтөбе облысының шекарасына дейін жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.

«Ақтөбе облысы ауа-райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 28 наурыз сағат 21:00-ден бастап республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырым аралығы барлық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Яғни, Ақтөбе облысының шекарасынан бастап Арал қаласына дейінгі жол жабылды.  Жол көпіріне барар жол ішанара бұзылған», - делінген хабарламада.

 

Фото: kazgazeta.kz

 

 

 

Тағы да оқыңыз: