Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданы әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында берілген тапсырмаларға сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу шаралары мен қосымша мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, жиында аудан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы, салық базасын ұлғайту шаралары, бюджетті тиімді басқару және сапалы жоспарлау мәселелері де қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеліп, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз әрі мерзімінде орындау қажеттігі қатаң ескертілді.
Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі