Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы, Қызылорда облысы көлік инспекциясы қала аумағындағы су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сағат 13:00-ден бастап 20:00-ге дейін түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Түсіндірме жұмыстарына Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ, “Қызылорда еріктілер” қоғамы өкілдері де қатысты. Іс-шара барысында “Батыс Қытай -Батыс Еуропа” тас жолының Сырдария өзеніндегі көпір тұсы, “КОПЭС” саяжайы маңындағы Сырдария өзенінің жағалауы, “ПМК-29” саяжайы тұсындағы Сырдария өзенінің жағалауы, Шіркейлі көпірінің тұсы, Наурыз саяжайының Шіркейлі каналы, Көксу демалыс саяжайы, Сабалақ саяжайындағы “Батыс Қытай - Батыс Еуропа” тас жолындағы көпір тұсы, “Ягодка” саяжайы маңындағы Сырдария өзенінің жағалауы, Белкөл мөлтек ауданындағы көне көпір тұсы, “Р-1” каналының шлюздері маңында су айдындарына демалуға шыққан азаматтарға су айдынындағы қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді.

Тағы да оқыңыз: