Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев А.Тоқмағанбетов ауылдық округіне қарасты «Айжанкеткен» каналының тоспа бөгетін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан басшысы нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстарының сапасына және техникалық талаптардың сақталуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларымен атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін талқылады.
Сырдариясушар" мекемесі басшысының орынбасары М.Айтмұханов «Айжанкеткен» каналының тоспа бөгетін қайта жаңғырту жобасының өңір үшін маңыздылығын атап өтті. Аталған нысан елді мекенді аяқ сумен қамтуға және ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде егін шаруашылығының өнімділігін арттырып, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына оң ықпал етпек.
Аудан әкімі жобада қарастырылған барлық құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытылы аяқталуы тиіс екені қатаң ескертті және құрылыс сапасын басты назарда ұстап, қауіпсіздік талаптарын толық сақтауды тапсырды.
