Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығы «Іңкәр-7» студенттер үйінде тұратын 1-2-курс білім алушыларына арналған «Студенттік өмірге бейімделудің психологиялық қырлары» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың жаңа ортаға әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне қолдау көрсету, өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және олардың эмоционалдық тұрақтылығын арттыру.

Тренинг барысында студенттер жаңа ортаға бейімделудің психологиялық ерекшеліктері, тиімді қарым-қатынас орнату, эмоцияларды басқару, қобалжу мен сенімсіздікті жеңу жолдарын талқылады. Сондай-ақ топ ішінде өз орнын табу, бір-біріне қолдау көрсету және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар интерактивті жаттығулар мен психологиялық ойындарға белсене қатысып, бір-бірімен жақынырақ танысуға, еркін пікір алмасуға және командалық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және университет ортасына бейімделуіне бағытталған мұндай тренингтер жыл соңына дейін жүйелі түрде жалғасатын болады.

коркыт.jpg

Тағы да оқыңыз: