Kyzylorda-news.kz “Ауыл” партиясының бастамасымен қолға алынып жатқан студенттер құрылыс отряды Қызылоодада құрылып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “құрылыс” мамандығында білім алатын 20 студент жасақ құрамына қабылданды.
Отряд жұмысын жандандыру мақсатында Қызылорда облысының мәслихат депутаты, “Ауыл” партиясының мүшесі Қанағат Сақтағанов студенттерді “Асар” құрылыс компаниясы мен “Сыр жихазы” мекемесіне жұмыспен қамтып, 3 ай мерзімде жоғары жалақы тағайындады.