maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен кездесті. Кездесу барысында студенттерге судағы қауіпсіздік, қыс мезгіліндегі мұз үстінде жүру ережелері, жер сілкінісі кезіндегі сақтық шаралары және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық шараға Экономика және құқық институты директорының орынбасары Әлия Мүйденова, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Арнайы жұмыс бөлімшесінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Айдархан Жолдасбекұлы, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, капитан Әкімәли Шоханұлы, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Алиасқар Әсетұлы және аға инженер Рахат Маратұлы қатысып, маңызды ақпараттармен бөлісті.

Басқосу барысында судағы қауіпсіздік, қыс мезгілінде мұз үстінде жүру кезіндегі сақтық шаралары мен төтенше жағдай туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері, көмекке жүгіну жолдары және өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.

Мамандар өрттің шығу себептері мен алдын алу шараларына тоқталып, өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын практикалық тұрғыда көрсетті.

Кездесу соңында студенттер мамандарға сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Тағы да оқыңыз: