Kyzylorda-news.kz. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қаңғыбастық пен қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылықтың, суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында бүгін Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде студент жастарға сала мамандарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шараға облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің психологы Г.Нетбаева арнайы қатысып, жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, жастарға психологиялық көмек жөнінде айта келіп, орталық тарапынан осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға тоқталды.

Шара аясында кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы айтылып, тақырып аясында бейнероликтер мен арнайы дайындалған слайд көрсетілді. Сала мамандары арнайы қатысқан шарада студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алды. Жастармен кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Алдағы уақытта да осы тақырып аясында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жалғасын табады.
 

13.jpg

Тағы да оқыңыз: