Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттердің жеке және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиынға университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Наурызбай Байқадамов, құқық қорғау саласының өкілі, проректорлар, құрылымдық бөлім басшылары және институт директорлары қатысты.

Кездесу барысында білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және профилактикалық жұмыстарды жүйелі жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру бағытындағы міндеттер айқындалды.
Жиын қорытындысы бойынша қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

