Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндірме шараларын және адам саудасының алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кездесу өтті. Заңгер Нұрсұлтан Байменов студенттермен жүздесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелеріне қатысты кеңес берді.
Кездесу барысында студенттер түрлі салада сұрақтарын қойып, оң нәтижеде өз жауаптарын алды. Кеңес алуға 25-тен аса студент жүгінді.
Заңгер Сыбайлас жемқорлық экономикалық қауіпсіздікке зиян келтіреді. Ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп-қатер, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтінін жеткізді. Қоғамды жайлаған бұл ауруға төзбеушілік жағдайына қол жеткізудің маңыздылығын және оның себеп-салдарларын түсіндіріп өтті. Олардың ішінде мемлекеттік қызметкерлердің өз қызметін асыра пайдалануы, нормативтік актілердің бұзылуы, халықтың құқықтық сауатының төмендігі, еңбекақы көлемінің төмендігі сынды себептер бар екенін тілге тиек етті. Ол аталған дерттің алдын алу үшін жоғарыдағы себеп-салдарларды жою, халық арасында, өскелең ұрпақ бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы және мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның маңызды рөлін атап көрсетті. Сонымен бірге, азаматтық сектор өкілдерінің сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету болып табылатының атап өтті.
